Шымкентте көшеде жүрген иесіз ит әкімдік қызметкерлерінің көзінше баланы талай жаздады. Осы сәттің видеосы Желіде тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Шымкент қаласы Абай ауданы Ынтымақ-2 шағын ауданында болған. Ауыл тұрғындары әкімдік қызметкерлері мен журналисті шақырып, көшені жарықтандыру, қоқыс, ұрлық, лас ауа, автобуспен қамту, иесіз иттер мәселелерін көтерген.
Тұрғындар проблемаларды тізіп, әкімдік қызметкерлерінен жауап алып тұрғанда көшеде келе жатқан мектеп оқушысын ит талай жаздаған. Итті көлікпен қуып, қызды құтқарып қалған, бірақ ол ентігіп, қорқып қалған.
Журналист дереу әкімнен болған оқиғаға қатысты пікірін сұраған. Әкімдік қызметкері мектеп оқушысынан осы жағдай үшін кешірім сұрады.
"Осындай болғаны үшін кешірім сұраймыз. Тиісті жұмыстарды жүргіземіз", - деді ол.
Желіде пікір жазғандардың кейбірі өзі тұратын жерде иесіз иттің көп екенін айтып жатыр.
@bake_2023 #қаңғыбаситтер #шымкент #айтенов #ынтымақ-2 #бахытжанкопбаев #снайперсұрақ #халықдепутаты ♬ A.Vivaldi The Four Season, Summer Presto; Tempo Impetuoso - AllMusicGallery
Еске салайық, бұған дейін Massaget.kz редакциясына Алматы облысы Қарасай ауданы Абай ауылының тұрғындары хабарласып, ауылда иесіз ит өріп жүргеніне шағымданып еді. Ауыл тұрғындары балаларын мектепке жалғыз жіберуге қорқып қалған. Бірнеше баланы ит тістеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!