Шымкентте ер адам қалалық автобуста жыныс мүшесін шығарып ұстаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Видео әлеуметтік желіде пайда болды. Видеоны автобуста отырған жолаушы түсіріп алған.
"Бүгін таңғы сағат 10:00-де 12 жастағы сіңілім 72-автобуспен үйге қайтып бара жатыр еді. Бір ер адам (суреттегі адам) оның қасына отырып, оған көпшілік көзінше тиісе бастаған. Ол өзінің жыныс мүшесін шығарып, 12 жастағы қызға қарап мастурбация жасай бастады", - делінген жазбада.
Бойжеткен ер адамның әрекетін видеоға түсіріп үлгерген.
"Сіңлім Telegram-ға оның түрін, не істеп жатқанын түсіріп алған. Ол видеоға түсіп жатқанын көрген бойда "Жоғарғы базар" аялдамасынан түсіп, жүгіріп шықты", - деп жазған қолданушы.
Видео авторы бұл адамды ұстау шараларын қолға алуды сұрайды.
"Сізден өтінемін, егер бұл кісіні танысаңыз, оның азғындық әрекеттерінің жазасын алуына үлес қосып, одан сақтану үшін таныстарыңызға да таратыңыз. Мұндай адамдарды өркениетті қоғамнан қорғау керек. Тез арада шара қолдануыңызды өтінемін!" - деп жазған қолданушы.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда да мұндай жағдай болған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!