Ішкі істер министрлігі өкілдері алаяқтардан сақтану жолдарын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство күмәнді жағдайларды мына қадамдарды істемеуге кеңес берді:
Еске салайық, бұған дейін екі алматылық пен ақтөбелік телефон алаяқтарының курьерлері болып жұмыс істегені хабарланды. Олар алданған зейнеткерлер берген соманың 10 пайызын алып отырған.
Үш курьер алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, Ақтөбе тұрғыны жұмыссыз қалып, курьер болып жұмысқа орналасу туралы хабарландыру тауып, өзін Вова деп таныстырған белгісіз адаммен жұмыс істеуге келіскен. Сонымен қатар, ақтөбелік осы жұмысқа Алматыдан тағы екі танысын шақырған.
Ал олар жұмыс бойынша келіскен адам қарттарды алдаған телефон алаяғы болып шықты, яғни зейнеткерлерге олардың туысы апатқа ұшырағанын және қылмыстық іс бойынша мәселені шешуге ақы төлеу керек екенін айтатын болған. Қарттар өз жинақтарын, келген курьерлерге беріп отырған. Ал курьерлер өз кезегінде жұмыс үшін ақшаның бір бөлігін қалдырып, қалғанын айтылған шоттарға аударып отырған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!