Massaget.kz тілшісі шайды уға айналдыратын 5 қателіктің тізімін жасады.
Кейбір адамдар тамақтанғаннан кейін ішетін пайдалы әрі хош иісті ыстық сусын, яғни шай денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Бірақ шайды уға айналдыратын өзіміз, сондықтан шай демдегенде мына қателерді жібермеуге тырысыңыз.
1. Шайды тым қою етіп ішесіз
Тым қою демделген шайда жүйке жүйесінің шамадан тыс қозуына қауіп төндіретін кофеин мен ішек жұмысын бұзып, іш қатуды тудыратын таниннің көп мөлшері бар. Сондай-ақ, мұндай сусын несеп айдағыш қасиетке ие. Шайдың ешқандай зияны болмас үшін бір шәйнекке бір шай қасық шай жапырағын қосыңыз.
2. Шайды тым ұзақ қайнатасыз
Бір күн бұрын демделген шайды мүлде ішуге болмайды, өйткені тұрып қалған шай демдемесі өзінің пайдалы қасиетін жоғалтып қана қоймай, денсаулыққа елеулі зиян тигізетін патогендік микроағзаның белсенді түрде көбеюіне ыңғайлы ортаға айналады. Сондықтан егер демделген шай бірнеше сағаттан артық тұрып қалса, бірден төгуді ұсынамыз.
3. Шайды ыстық күйінде ішу
Тамақ, өңеш және асқазанның шырышты қабығын тітіркендіретін тым ыстық сусындарды үнемі тұтыну қауіпті. Күйік инфекцияға сезімталдығы жоғары тыртық тінінің пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін. Салдарынан қатерлі ісік те пайда бола алады.
4. Аш қарынға шай ішу
Бұл хош иісті сусынды тамақтанғаннан кейін жарты сағаттан кейін ғана ішкен жөн, ол ас қорыту процесін ынталандырып, зат алмасуды тездетуге көмектеседі. Шай жапырағының сығындысы аштықты басатын болғандықтан, егер шайды аш қарынға ішетін болсаңыз, тәбетіңіз жоғалады. Ал таңғы ас ішпеу ағзаға зиян.
5. Тамақтанғаннан кейін бірден шай ішу
Шайдың құрамындағы кейбір заттар тамақтағы ақуыз, темір және басқа да маңызды элементтерің сіңуін нашарлатады. Тамақтың кішкене болсын сіңуіне небәрі жарты сағат жеткілікті, сондықтан тамақтанғаннан кейін бірден шай ішпеңіз.
Айта кетейік, бұған дейін қара шайды дұрыс демдеудің ережелері хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: 2024 жылы кімдердің жолы болады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!