Актриса Әсел Сәдуақасова өзінің қандай келін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасына айтты.
"Мағжанның ата-анасы мені бірінші кездесуден-ақ жылы қабылдады. Біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы, шүкір! Мен қандай келінмін? Әрине, мен классикалық келіндер қатарынан емеспін. Шай құймаймын, орамал тақпаймын. Мағжанның анасына бұл маңызды емес. Мен енеден жолы болған адаммын. Керісінше, біз қонаққа баратын болсақ, қандай ас дайындау керектігін, менің қандай тағамды ұнататынымды сұрайды. Әрдайым біз барғанда мені сүйікті асыммен күтіп алады. Осы үшін анама алғысым шексіз. Біз сізде өте қатты жақсы көреміз", - деді актриса.
Айта кетейік, бұған дейін актриса Әсель Сәдуақасованың өзінен 7 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ, өнерпаз ерекше стильде қызойнақ өткізіп тіпті мәһрге бағалы сыйлық сұрағаны белгілі болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!