Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC титулы туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұған дейін қазақстандық файтер жеңістер сериясын ұзартып, өз дивизионында топ-10 қатарына кірген еді.
"Өз салмағымда тезірек UFC белбеуін алғым келеді. Болашақта өз мектебімді ашатын шығармын. АҚШ-қа тек жекпе-жек өткізу үшін барамын. Көшу туралы ұсыныс жоқ, бірақ болашақта көре жатармыз. Магнимен жекпе-жектен кейін Стивен Томпсонды кездесуге шақырдым. Ол жақсы файтер.
Менімен тең деңгейдегі қарсылас ретінде Мишель Перейра қызық. Онымен қуана кездесер едім, - деп келтірді файтердің сөзін 5q.media.