Рахмонов рейтингте ондыққа кіргеніне қатысты мәлімдеме жасады

Рахмонов рейтингте ондыққа кіргеніне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақ файтері Шавкат Рахмонов (16-0) UFC рейтингінде ондыққа кіргеніне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Өткен аптада Рахмонов соңғы жекпе-жегіндегі жарқын жеңісінен кейін америкалық лигада бес саты жоғарылап, оныншы орынға көтерілді.

"Иншалла, жуырда нөмірі бірінші болам", - деп жазба қалдырды Шавкат.

Еске салайық, Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) UFC Vegas 57 турнирінде отандасымыз Нил Мэгниді қылғындыру әдісімен жеңген еді.   

 

Г. Досымшалова