- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шашыңыздың түсуіне әкелетін...
Шашыңыздың түсуіне әкелетін тамақтану әдеттері
Шаш сұлулығына әртүрлі факторлар әсер етеді. Солардың бірі – тамақтану. Ендеше, шаштың түсуіне әкелетін тамақтану әдеттерін біле жүріңіз.
Темірге және В12 дәруменіне бай өнімдерге мән бермейсіз
Көпшілік кальций жетіспеушілігі тырнақ пен шаш жағдайына жағымсыз әсер ететінін біледі. Бірақ бұл шаш сұлулығына әсер ететін жалғыз элемент емес. Темірдің жетіспеуі шаштың түсуіне әкеледі. Сол секілді В12 дәрумені де шаш саулығы үшін маңызды. Алайда оларды тағамдардан оңай алуға болады. Мысалы: жұмыртқа, сүт, ірімшік, саңырауқұлақ, балық. Әсіресе, бауыр В12 дәруменіне бай. Темірді сондай-ақ шоколад, жидектер, қарақұмық және сұлы жармасынан алуға болады.
А дәруменін өте көп тұтынасыз
А дәруменін бақылау да маңызды, себебі оның тым көп болуы шаштың түсуіне әкеледі. Әдетте, дәруменнің көп болуы дәрумендік құралдарды ешқандай анализдерсіз және дәрігер кеңесінсіз өздігінен ішу кезінде пайда болады.
Ақуызы аз диета ұстайсыз
Ақуызы аз диета шаштың түсуіне әкелуі мүмкін. Әдетте, мұндай диетаны бүйрек ауруы кезінде жазып береді. Ал егер ақуыздан басқа себеппен бас тартсаңыз, оның осындай салдары болуы мүмкін екенін ескеріңіз. Ақуызы аз диетаны қолдаушылар ет, балық, жұмыртқа және сүт өнімдерін жеміс-жидектермен ауыстырады. Еге жануар өнімдерінен бас тартқан болсаңыз, ақуыз көздеріне жасұмық, басқа да бұршақтылар, асжапырақ, шемешкілер және жаңғақтар жататынын біле жүріңіз.
Жылдам салмақ тастауға және жинауға бейімсіз
Қайта-қайта салмақ тастау және жинау шаш саулығына әсер етіп, оны сынғыш етеді. Сондықтан жылдам нәтиже беретін диеталар көмегіне жүгінбеген жөн. Себебі мұндай диеталар жылдам нәтиже бергенімен, дәл солай жылдам салмақ қосып алуға әкеледі.
Оқи отырыңыз: Шашыңыздың жағдайы қандай аурулар жайлы хабар бере алады?
А. Жапатова