Шашыңыздың жағдайы қандай аурулар жайлы хабар бере алады?

Шашыңыздың жағдайы қандай аурулар жайлы хабар бере алады?
Фото: pixabay.com

Әдетте, шаш жағдайы нашарласа, оны қалпына келтіру үшін бірден оған күтім жасауға кірісеміз. Алайда оның нашарлау себебі басқа органдарға байланысты болуы мүмкін екенін ойладыңыз ба? Адам ағзасындағы қандай аурулар шаш проблемасына әкелуі мүмкін?

Анемия

Егер ағзаға темір жетіспесе, ең алдымен шаш қиналады. Себебі темір жеткілікті мөлшерде бөлінбеген кезде жасушалық қызметтер ауырлайды, шаш қоректік заттарды жеткілікті мөлшерде алмайды, ал бұл шаш сынғыштығына әкеледі. Сондықтан шашыңыз ұшталып кетсе және сынғыш бола түссе, шаш күтіміне кірісумен қатар дәрігерге қаралып, қажет анализдер тапсырып керген жөн.

Асқазан-ішек жолы проблемалары

Ішекте көптеген маңызды процестер жүреді. Бүкіл ағзаның дұрыс қызмет етуі соған байланысты десе де болады. Егер бұл жерде қандай да бір бұзылыс пайда болса, тағы да алғашқыларының бірі болып шаш қиналады. Кейде тіпті, шаш көп түсе бастайды. Бірақ жиі шаш жалтырлығын жоғалтады, ұйысқақ және сынғыш болып кетеді. Мұның бәрі ішек проблемасына байланысты ағзаға қоректік заттардың жетіспеуінен болады.

Қалқанша без аурулары

Маңызды органдардың бірі – қанқанша без өзі жайлы жиі шаш арқылы хабар береді. Қалқанша без ағзадағы көптеген процестерді, соның ішінде шаш өсуін бақылайтын трийодтиронин мен тироксин бөледі. Бұл гормондар өңделуіндегі кішкене болсын бұзылыстар шаштың көп түсуінің және сынғыштығының себебі болуы мүмкін. Қалқанша бездің жұмысына мұқият болыңыз: оны ең болмағанда бірнеше жылда бір рет тексеріп тұрыңыз.

Оқи отырыңыз: Қалқанша безі ауруының белгілері қандай?

А. Жапатова