Егер шаштараздан қорқатын болсаңыз әрі шашыңыздың бір сантиметрін де қиғыңыз келмесе де, уақыт өте келе жағдай нашарлайды. Шаштараздар да адам шашын белге дейін өсірсе де, кейде ұштарын қиып тұру қажет екенін айтады. Бұл орайда шаш күтіміне байланысты сауалдарға дерматолог, трихолог Ольга Саперова жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Шашын ұзын етіп өсіргісі келетін қыздар мен әйелдер кейде өте жұқа, нашар жағдайдағы ұштарын да қиғысы келмейді. Алайда трихолог бұл тәсілмен бүкіл шаш бүлінуі мүмкін екенін айтады.
"Шаштың ұштанған жерлерін қимау шаштың одан әрі бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Шаш ұштанып кеткен кезде, бұл шаштың қорғаныш кутикуласы жоқ екенін білдіреді, салдарынан шаш зақымданады. Бұл кейін бүкіл шашқа таралуы мүмкін әрі оның бүкіл құрылымына әсер етеді. Оның үстіне шаштың ұштарын қиып тастамасаңыз, онда шаш сынғыш, құрғақ болуы мүмкін. Яғни бұл оның сыртқы көрінісі мен жағдайын айтарлықтай нашарлатады", - дейді сарапшы.
Шаш зақымданғанын білдіретін белгілер:
Шашты қаншалық жиі қиып тұру керек?
Әдетте мұның бәрі адамның талғамы мен әдетіне байланысты.
"Шаш ұшын қию жиілігі шаштың күйіне және жалпы стильге байланысты. Әдетте шаштың ұштарын әр 6-8 апта сайын қию ұсынылады. Бірақ шашыңыз жылу немесе химиялық әсерге ұшыраған болса, онда жиі қию қажет болуы мүмкін", - деп түсіндірді трихолог.
Ұзын шашты армандайтындар не істеуі керек?
Маманның айтуынша, белге дейін түсіп тұратын сау әрі әдемі шашты қаласаңыз, сантиметр-сантиметр етіп шаштың ұшын қиып отыру керек. Бұл - шаштың сапасын сақтаудың ең жақсы әдісі.
Кейбір жағдайларда шаш ұшын ылғалдандырғыштар мен қоректік заттар көмегімен сақтауға болады. Алайда шаштың ұштары тым зақымдалған болса, оны қалпына келтіру мүмкін болмайды. Бұл жағдайда қиып тастаған жөн екен.
Еске салайық, бұған дейін шаш тез өсуіне көмектесетін әдістер айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!