Шаш тез өсуіне көмектесетін әдістер айтылды

Шаш тез өсуіне көмектесетін әдістер айтылды
Фото: pixabay.com

Шаштың өсу қарқыны генетикаға және басқа да факторларға байланысты болуы мүмкін. Трихолог, косметолог Анастасия Курская шаш өсуін тездетудің жолдарын атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі aif.ru-ға сілтеме жасап.

Курскаяның айтуынша, ар адамда шаш әртүрлі қарқынмен өседі. Бұл шаштың құрылымына және гендердің жиынтығына байланысты. Бұл процесс әйелдер мен ерлерде де әртүрлі жүреді екен: мысалы, ер адамдарда шаш бір айда орта есеппен екі сантиметрге, әйелдерде бір жарым сантиметр ғана өседі.

"Суықта бас терісіндегі қан айналымын бәсеңдететін дәрумендер жетіспеушілігінен шаш жай өседі. Тестостеронның жоғарылауына байланысты да шаш баяу өседі. Сондай-ақ, денедегі барлық процестің баяулауына байланысты шаш нашар өседі", - дейді ол.

Алайда шашты тез өсіруге көмектесетін әдістер бар екен. Курскаяның пікірінше, бұл үшін рационға ақуыз, дәрумендер, коллаген қосып, дұрыс тамақтануға көңіл бөліп, жеткілікті мөлшерде ұйықтау қажет. Сонымен қатар, бас терісіне қызыл бұрыш сығындысы секілді қан тамырларын кеңейтетін құралдарды қолдану керек.

"Шаштың өсуі күйзелістен және кейбір дәрі-дәрмектерден де баяулауы мүмкін. Барлық жағымсыз факторларды жою арқылы шаштың өсуін қалыпқа келтіруге болады", - деді трихолог.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова