- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шашты кір сабынмен...
Шашты кір сабынмен жуса не болады?
Дүкен сөрелерінде шаш күтіміне арналған өнімдердің көптігіне қарамастан, шашын кір сабынмен жуатын адамдар кездеседі. Ал мамандар кір сабынының пайдасы туралы дауласып жатыр. Мысалы, кейбір мамандар кір сабын майлы себореяға тиімді деп санаса, дерматолог Татьяна Егорова бұл пікірмен келіспейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Кубанские новости"-ге сілтеме жасап.
Дерматолог Татьяна Егорова шашты кір сабынмен жуудың пайдасы жоқ деп санайды.
"Кір сабын шаштың түсуін азайтады деген пікір бар, бірақ кір сабын мұндай әсер бере алмайды. Шаштың көп түсуін сабынмен шешуге тырыспай, оның себебін ағзадан іздеу керек. Мысалы сізге дәрумен жетіспеуі мүмкін", - деп түсіндірді маман.
Кір сабынға келсек, оның құрамында сілтінің мөшері көп, бұл шаштың тез майлануына әкеледі. Сондай-ақ оның құрамында сілтімен бірге шаштың құрылымын бұзуға қабілетті каустикалық компонент натрий болуы мүмкін. Теріңіз сезімтал болса, кір сабынды пайдаланбағаныңыз абзал, өйткені салдары тітіркену мен пиллингке әкеледі.
Құрамында сілтінің мөлшері жоғары кір сабынды қолданудың салдары:
- Шаш білігінің қорғаныш қабығын бұзады;
- Теріңіз құрғақ болады;
- Қышу мен тітіркенуді тудырады;
- Кейбір жағдайда себорея пайда болады.
Қалыпты, құрғақ және аралас тері түрлері үшін кір сабынды жуғыш зат ретінде пайдаланудың салдары ауыр болуы мүмкін. Шашыңыз боялған болса да бұл әдіске жүгінбеген дұрыс.
Сонда да тәуекел етіп шашты кір сабынмен жуамын деп шешсеңіз, Татьяна Егорова шашты жуғаннан кейін сілтіні бейтараптандыратын сірке судың әлсіз ерітіндісін пайдалануға кеңес берді.
Еске салайық, бұған дейін күзде қандай спорт түрлерімен айналысуға болатыны туралы жазған едік.
Тағы да оқи отырыңыздар: Көздің түсін өзгертуге бола ма?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә