Күзде қандай спорт түрлерімен айналысуға болады?

Күзде қандай спорт түрлерімен айналысуға болады?
Фото: pixabay.com

Күзде кейбіреулер жылы көрпеге оранып, сүйікті фильмдерін көргенді жөн көреді. Ал енді бірі жаңа маусымның басталуымен өмірінде өзгерістер болғанын қалайды. Күзде айналысуға ыңғайлы спорт түрлеріне шолу жасадық.

Күз - спортпен айналысуға оңтайлы уақыт. Өйткені, физикалық белсенділікке байланысты әл-ауқаттың кенеттен нашарлауына әкелетін жаздағыдай аптап ыстық пен қауіп-қатер жоқ. Сондықтан күзде ашық ауада жаттығуға болатын спорт түрлеріне артықшылық берген дұрыс. Жас ұлғайған сайын спорттан жетістікке жету мүмкіндігі азайғанымен, бұл өте саналы шешім. Себебі, мақсат кубок пен медаль жеңіп алу емес, денсаулықты жақсарту. Сонымен, күзде қандай спорт түрімен айналысу керек?

Жүгіру

Жүгіру - кез келген уақытта айналысуға болатын өте танымал спорт түрі. Кәсіби жүгірушілер тіпті қыста да жаттығуды тоқтатпайды. Ал жүгіруді жаңадан бастағандарға, қарқынды жүгіруден бастаудың қажеті жоқ. Бірақ орташа және жоғары қарқынмен жүру түрін жоспарлағандар үшін жақсы бастама болады. Бұл әсіресе созылмалы аурулары бар және артық салмағы бар адамдарға қатысты. Жүгіру ағзаға зиян әсер етпестен біртіндеп спортқа қосылуға мүмкіндік береді.

Жаяу серуендеу

Жаяу серуендеудің саябақта жүгіру мен жай серуендеуден айырмашылығы, оның бұлшықеттердің жұмысына әсері көбірек. Арнайы аяқ киіммен жүру дайындықты қажет етпесе де, жаттығудың өте тиімді әдісі. Жүктеменің бұл түрі бұлшықеттерді күшейіп, тыныс алу және жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады.

Жаяу серуендеу артық салмақпен күресуге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар, стрестің ағзаға әсерін азайтады. Мысалы, ауыр жұмыс аптасынан кейін тауға шығу сізге зейініңізді басқа затқа алмастырып, психикалық демалуға мүмкіндік береді.

Үстел теннисі

Үстел теннисімен үйде ғана емес, сыртта да айналысуға болады. Бұл уақытты өткізудің қызықты тәсілі және денсаулыққа пайдалы спорт түрі. Үстел теннисі бәсекеге қабілетті рух пен аэробты жүктемені көтереді. Оған қоса, үйлестіру мен визуалды реакцияны жақсартып, артық салмақтан арылуға мүмкіндік береді.

Скандинавтық жүріс

Скандинавтық жүріс әдеттегі серуендеуге қарағанда, иық белдеуі мен арқа бұлшықеттерін де жұмысқа тартады. Оны фин немесе скандинавиялық таяқтармен жүру деп те атайды.

Скандинавтық жүрістің сауықтыру әсері бар, ол тіпті егде жастағы адамдарға да ұсынылады. Спорттың  бұл түрімен айналысу үшін көп жабдық қажет емес. Қозғалысты шектемейтін ыңғайлы киім және арнайы таяқша болса жеткілікті.

Велоспорт

Күзгі велошеру тек пайда ғана емес, ерекше рахат әкеледі. Кардио, тыныс алу жүйесін жаттықтырып, аяқ бұлшықеттерін күшейтеді. Велосипедпен жүру шағын саяхатқа да тең. Ең бастысы жайлылық пен қауіпсіздікті алдын-ала ойластырып, ыңғайлы киім, аяқ киім және қорғаныс шлемін сатып алу керек.

Үйде жаттығуды ұнататындар үшін көптеген нұсқа бар, тек бастаудан қорықпау керек.

Бұл тізімдегі спорт түрлерімен тек күзде айналысу керек деген заң жоқ. Сіз үшін күнтізбедегі күн емес, өмірдегі жаңа кезеңді бастауға және бір нәрсені өзгертуге деген ұмтылыс маңызды.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жүктілік кезінде кофе ішуге бола ма?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә