"Шалдың көркі тоқалея". Мұхтар Шаханов қазақ қызына үйленген бразилиялық спортшыға батасын берді

"Шалдың көркі тоқалея". Мұхтар Шаханов қазақ қызына үйленген бразилиялық спортшыға батасын берді

Ақын Мұхтар Шаханов қазақ қызын алған бразилиялық спортшы Дуглас Пумаға батасын берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны спортшы әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеді.

"Бүгін жұбайымның үйінде өткен мерекелік кеште мен Қазақстаннан шыққан аңыз ақын, легенда адам Мұхтар Шахановты көрдім. Ол кісімен сұхбаттасу мен үшін үлкен мақтаныш және қуаныш. Маған және менің әйеліме айтқан әрбір тілегіңізге, ниетіңізге алғыс білдіремін. Бұл кездесу мен үшін мақтаныш! Өмірімдегі барлық жақсы күндерім үшін Аллаға сансыз шүкіршіліктер айтамын. Аңыз адаммен бір естелік видеолар болсын. Мұхтар ағаның тілегі мен әзілін видеодан көре аласыздар

Видеоға Мұхтар ағаның "Асыл жарым" әнін таңдап қойдым", - деп жазған спортшы.

Дуглас Пума деген кім?

Дуглас Пума - "Naiza" промоушенінде өнер көрсететін 29 жастағы бразилиялық спортшы. Қазір Қазақстанда тұрады. 2023 жылы желтоқсанда қазақ қызымен мешітте неке қиған. Спортшы ислам дінін қабылдаған.

Тағы да оқи отырыңыздар: Үркін көш деген не?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә