Шахтинскіде 44 жастағы әйел жоғары қабаттан құлап, мерт болды

Шахтинскіде 44 жастағы әйел жоғары қабаттан құлап, мерт болды
Фото: видеодан кадр

Қарағанды облысында 44 жастағы әйел өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шахтинск қаласында әйел 9-қабаттан секіріп кетті. Құтқарушылар оқиға орнына жеткенімен, әйел жоғары қабаттан секіріп кеткен. Ол алған дене жарақаттарының кесірінен сол жерде жан тапсырды.

"8 сәуірде Шахтинск қаласында көпқабатты үйлердің бірінде 44 жастағы әйел тоғызыншы қабатта орналасқан балконнан секіріп кеткен. Салдарынан жарақат алып, қайтыс болды", - деді ПД баспасөз қызметі өкілі.

Осы дерекке қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда әйел өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны хабарланды. 

Жандос Бақытұлы

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz