Қарағандыда әйел өз-өзіне қол жұмсамақ болған

Қарағандыда әйел өз-өзіне қол жұмсамақ болған
Фото: Tengrinews.kz

Қарағандыда құтқарушылардың көмегімен әйел адам аман қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .

12 ақпанда 102 телефонына Қарағанды ​​қ., 16-ықшамаудандағы 5 қабатты тұрғын үйде әйелдің өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖ қызметкерлері балкон арқылы баспалдақпен 4-қабаттағы пәтерге кіріп, дәрігерлерге пәтерге кіруге жағдай жасады. Олар әйелге шұғыл алғашқы көмек көрсетіп, медициналық мекемеге жеткізді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Әдеби образдың қанша түрі болады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә