- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шахтада қаза тапқан...
Шахтада қаза тапқан кеншілер қанша жалақы алғаны белгілі болды
Вице-премьер Тамара Дүйсенова Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің жалақысы қанша болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біз (қаза тапқан кеншілердің - еск.) жалақысын "Отбасының цифрлық" картасынан қарадық. Олар 300 мың теңгеден 1 миллион 600 мың теңгеге дейін еңбекақы алған. Оның ішінде жастар да бар. Жұмысқа енді тұрғандары бар. Сондықтан кеншілердің жалақысында үлкен алшақтық бар", - деді Дүйсенова үкімет брифингінде.
Ол кеншілердің жалақысын көтеру мәселесі жыл сайын қаралатынын айтты.
"Олардың ұжымдық шартында жұмыс көлемін жүзеге асырғаны үшін тиісті қосымша төлемдер қарастырылған. Былтырлары инфляция деңгейінде, содан кейін өндіріс көлемі тұрғысынан қарастырылды", - деді премьер-министр орынбасары.
Еске салайық, алдымен бұл шахтада 7 адам қаза тапқаны белгілі болды. Ал екі күн бұрын қаза тапқандар саны 45 адамға жетті. Бүгін Сырым Шәріпханов соңғы кеншінің денесі табылғанын айтты. Сонымен қатар, ауруханада жатқан зардап шеккендердің жағдайы айтылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаралы жағдайдан кейін "АрселорМитталТеміртаумен" ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова