Іш қатумен қиналасыз ба? Іш өткізетін 5 табиғи өнім

Іш қату жағымсыздық сыйлайды және жалпы денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Ұзақ уақыт бойы іш қатумен қиналу бауыр жұмысының бұзылуына, геморрой шығуына және тік ішек ауруларына әкелуі мүмкін. Дәрі ішкіңіз келмесе, бірақ іш қатудан арылғыңыз келсе, рационыңызға мына өнімдерді қосып көріңіз.

Қараөрік

Қараөрік - іш қатуға қарсы танымал табиғи өнімнің бірі. Оның құрамында жасұнық пен сорбит көп. Іш өткізгіш әсерін сезу үшін 8-10 қараөрік жеу жеткілікті. Кей дәрігерлер қараөрікті жақсылап жуып, оған қайнаған су құйып, біраз уақытқа қалдырып, содан соң суын ішуге кеңес береді.

Киви

Бұл жеміс те іш қатумен қиналатын адамдардың өмірін жеңілдетуге көмектеседі. Кивиде тағамдық жасұнықтар көп. Оның нәтижесін көру үшін күніне екі киви жеу жеткілікті.

Айран

Іш қатуды емдегіңіз келсе, айран ішіңіз. Бұл сүт-қышқылды өнім пробиотиктерге бай. Күнде кешкісін қантсыз 1 стақан айран ішуді әдетке айналдырыңыз.

Кофе

Кофені көп ішу денсаулыққа зиян. Алайда оны мөлшермен ішу ағзаға, керісінше, пайдалы. Сондай-ақ ол ішектер моторикасын ынталандырады.

Сұлы

Сұлы жасұныққа бай. Сондықтан таңғы асқа бір тәрелке сұлы ботқасын жеу – керемет идея.

Кей адамдар диареямен дәрігерге көрінуге ұялады. Диарея не үшін пайда болады және қандай жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек? Мына жерден оқыңыз.