Қауіпті диареяның 6 белгісі

Қауіпті диареяның 6 белгісі
Фото: ru.freepik.com

Кей адамдар диареямен дәрігерге көрінуге ұялады. Диарея не үшін пайда болады және қандай жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек? Бұл сұрақтарға Doctorpiter-ге гастроэнтеролог Мария Лопатина жауап берді.

Егер адамда үш немесе одан да көп рет сұйық нәжіс болса, дәрігер оған диарея диагнозын қояды.

Не үшін пайда болуы мүмкін?

  • Жұқпалы ауру.  Бұл әдетте бұзылған тамақтан немесе ластанған судан болады. Жұқпаның белгілері 12 сағаттан 4 күнге дейінгі уақыт аралығында пайда болып, 3-7 күнде кетеді;
  • Тітіркенген ішек синдромы;
  • Ішек қабыну аурулары;
  • Тағамдық аллергия;
  • Целиакия;
  • Лактаза жетіспеушілігі;
  • Созылмалы панкреатит;
  • Антибиотикпен байланысты диарея;
  • Кей дәрілердің қосымша әсері;
  • Басқа да аурулар (бірінші типті қант диабеті, алкогольді энтеропатия, ішек туберкулезі және т.б).

"Егер ауру жеңіл өтіп жатса, сұйық нәжіс күніне бірнеше рет болады, бірақ жалпы хал-жағдай қалыпты болуы керек. Ауыр жағдайда нәжіс жиілігі күніне 20-ға дейін баруы мүмкін. Бұл жағдайда су мен тұз мөлшерінің көп бөлігі жоғалады, ал ол сусыздану шақыруы мүмкін. Диарея қызу көтерілумен, іш ауруымен немесе түйілумен қатар жүруі мүмкін", - деп түсіндірді дәрігер.

Сізге жедел дәрігер көмегі керек екенін қалай білуге болады?

Барлық жағдайда бірдей үйде жату керек емес. Кейде диарея - қауіпті.

Мына белгілер байқалса, міндетті түрде дәрігерге көріну керек:

  • Сізді күніне 6 немесе одан көп рет мазалайтын сұйық нәжіс;
  • Іштің қатты ауыруы;
  • Жоғары температура;
  • Қан аралас нәжіс;
  • Сусыздану (әлсіздік, ауыздың құрғауы, шөлдеу, бұлшықеттер ауыруы, зәрдің қою түске боялуы, сирек зәр шығару, сананың адасуы);
  • Ауыр созылмалы аурулар.

Диарея кезінде өзіңізге қалай көмектесе аласыз?

  • Суды көбірек ішіңіз. Пероральді регидратацияға арналған ерітінділер ішуге болады.
  • Нақты өнімдерді жеңіз. Егер тәбетіңіз болмаса, тек су іше беріңіз. Ал қарныңыз ашса, картоп, макарон, күріш, сұлы, сорпа, банан жеңіз. Алайда қуырылған болмауы керек, тек суға пісіріп жеңіз.
  • Дәрі ішіңіз. Диареяға қарсы дәрі-дәрмек ішуге болады.

"Көп жағдайда диареяға антибиотик ішу қажет емес, оларды дұрыс қолданбаса, ол асқынулар беруі мүмкін. Сондықтан оны тек дәрігер жазып бере алады", - деп ескертті Мария Лопатина.

Сорбенттер диареяны емдеуде кең қолданылады. Алайда ол бәріне бірдей көмектеспеуі мүмкін.

Ескерту: егер диарея 48 сағаттан кейін де кетпесе, дәрігерге қаралу керек.

А. Жапатова