Серікбол Сайлаубек бір жылда 126 концертті тегін берген. Ол бұл туралы "1001 ТҮН" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің сөзінше, ауылда жүрген кейбір кезде ақылы концерттерге ақшасы болмаған.
"Батаменен ел көгереді, жаңбырменен жер көгереді" дейді. Қолымыздан келгенше халықтың ақшасын емес батасын жинауға талпындық. Аллаға шүкір. Батамызды алдық. Қазір елдің алды емес, арты емес, ортасында "елімізде тек той болсын, қуаныш болсын, ауызбіршілігіміз ажырамасын" деген ізгі ниетпен жүрген жайымыз бар. Аяғымыз аспаннан салбырап түскен әнші емеспіз. Біз де ауылдан шыққан балалармыз. Сол кезде әртістер концертпен келген, сонда ауылда білесіздер ғой, бірде ақша болады, бірде ақша болмайды. Сол кезде концертке кіре алмай қалған сәтіміз болған. "Неге тегін бере салмайды? Ақыры келіп тұр ғой. Бөліп жарымай" деп ойлайтын едім. Сол кезде "өзім әнші болғанда тегін беремін" дедім", - деп әңгімеледі ол.
Еске салайық, бұған дейін әнші Серікбол Сайлаубек неге көзілдірік тастамай жүретінін айтқан еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!