Сенат спикері Мәулен Әшімбаев темір торда отырған Серік Күдебаевтың суретіне қатысты пікір білдірді. Журналистер Әшімбаевтан неге Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы бастығы темір торда "қожайын" сияқты отырғанын сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сенат спикерінің айтуынша, мұндай жағдай заң рұқсат бергендіктен емес, белгілі бір жердегі заңбұзушылықтар салдарынан болып отыр.
"Заң бар. Соған сәйкес сотталған адамдарды ұстауға қойылатын талаптар бар. Осы жүйеге жауап беретін тиісті мемлекеттік органдар заңды толығымен қамтамасыз етіп, іске асыруы керек. Қазір көтеріліп отырған кейбір деректер осы құрылымдарда жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың өкілдері заңға көз жұмып қарауынан болып отыр. Бұл - тікелей заңбұзушылық. Бұған жол берген адамдар жауапқа тартылады. Одан ешкім құтыла алмайды", - деді Әшімбаев Сенаттың кулуарында.
Парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жүйесінде проблемалар бар екенін мойындады. Әшімбаевтың айтуынша, Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитеті де осы мәселені шешумен айналысады.
Айта кетейік, бұған дейін прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаны хабарланған болатын. Кейін күдікке ілінген генерал Күдебаев ауруханаға түскені белгілі болды. Сондай-ақ, Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы төртінші рет кейінге шегерілді.
Генерал Серік Күдебаев сотқа мәжбүрлі түрде жеткізіледі
Кейін Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды. Сондай-ақ, оның жұмыс істеп тұрған шекара бекеттерінен өтпегені хабарланды.
Ал ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы, генерал Серік Күдебаев Қырғызстанмен мемлекеттік шекараны кесіп өтуі мүмкін жерді іздестіріп жатқаны белгілі болды. Ал БАҚ-та "генерал Солтүстік Кипрде жүр" деген ақпарат та тараған еді. Бас прокуратура Күдебаев Бішкектен Ыстамбұлға ұшып кеткені туралы мәлімдеме жасады.
Қашқын генерал Күдебаевтың тауда жеке шаруашылығы бар - ҰҚК
Ал кейін Бас прокуратура генерал Күдебаев ұсталғанын растады.
28 сәуірде Күдебаевқа сот үкімі шықты. Жетісу облыстық соты мәліметінше, Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.
Еске салайық, бұған дейін ІІМ Серік Күдебаевтың түрмедегі суретіне қатысты пікір білдігені хабарланған еді. Кадрларда оның "курортағыдай" отырғаны көрінеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!