- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сайлау: алғашқы еxit...
Сайлау: алғашқы еxit poll нәтижелері қандай?
Қазақстанда 19 наурызда өткен мәжіліс және мәслихат сайлауының алғашқы exit poll нәтижесі белгілі болды. "Еуразиялық интеграция" институты жүргізген сауалнама қорытындысы "Сайлау-2023" онлайн марафоны кезінде жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы "Еуразиялық интеграция" институты әлеуметтік зерттеулер департаментінің жетекші сарапшысы Әйгерім Ергенболатқызы мәлімдеді.
Exit poll нәтижесі келесідей:
- Amanat партиясы - 53,46 пайыз;
- "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы - 10,52 пайыз;
- Respublica партиясы - 8,9 пайыз;
- Қазақстан халық партиясы - 6,25 пайыз;
- "Байтақ" жасылдар партиясы - 3,22 пайыз;
- Қазақстанның "Ақжол" демократиялық партиясы - 7,87 пайыз;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 5,31 пайыз;
- "Бәріне қарсымын" - 4,47 пайыз.
Қазақстанда 19 наурызда мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау өтті.
Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді.
Сайлаушылардың ең көбі Қызылорда облысында (65,70 пайыз), ал ең азы Алматыда (22,95 пайыз) дауыс берген.
19 наурыз 19:00-дегі жағдай бойынша шет елдерде 11 учаскелік сайлау комиссиясы (Сеул, Токио, Пекин, Сингапур, Куала-Лумпур, Ұлан-Батыр, Гонконг, Шанхай, Бангкок, Джакарта және Ханой) жұмысын аяқтады және 5 071-ге жуық Қазақстан азаматы дауыс берді, бұл - 41,8 пайыз.
66 учаске жұмысын жалғастырып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан