Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда берген сұхбатында "Қазақстанда қосарланған билік жүйесі қалыптасқан" деген әңгімелерге қатысты пікір білдірген еді. Дәл осы сұхбатта "Кеттің бе - қайырылма!" деген сөз де айтылды. Еуразиялық интеграция институтының департамент басшысы Арман Ешмұратов "Кеттің бе - қайырылма!" деген сөздің астарын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатындағы "Кеттің бе - қайырылма!" деген сөзін қолдағым келеді. Оның алдында авторитарлық жүйе болды. Бізде ол жүйе қалыптасып қалды. Біз үлкен институциональды реформаға жатамыз. Жергілікті басқару жүйесін реттеп жатырмыз. Алғашқы кезеңдері 2021 жылдан басталды. Әкімдердің сайлауы және басқасы болды. Содан кейін 2023 жылы арнайы бастап келе жатырмыз. Яғни қоғамдық кеңестер пайда болды. Оның ең маңыздысы неде? Қарапайым адамдарды шешім қабылдау жүйесіне тарту. Француз металлургі Мишель Фуко дискурс теориясында "Биліктің білімін" қоғамға тарату керек" дегенді дұрыс деп санады. Міндетті түрде әр билік білімді қоғамға дискурс арқылы таратады. Бізде әлі күнге дейін үлкен дискурс таратылмай жатыр. Себебі көзқарас жоқ", - деді Ешмұратов.
Арман Ешмұратов Қазақстанда институционалды жүйе қалыптасқанын айтады. Оның сөзінше, қоғамда көзқарас қалыптастыру өте қиын жұмыс.
"Кез келген мемлекет өз елінде білім жүйесін қалыптастыру керек. Елді ұстап тұру үшін өзіндік білім жүйесін қоғамда қалыптастыру - дұрыс жағдай. Реформалар даму үшін нақты көзқарасты қалыптастыру керек. Әрі тарихта дискурстың арқасында жеке тұлғаның портреті шығады. Қазіргі кезде бізде ең бастысы институциональды жүйе қалыптасты. Бұл - өте қиын нәрсе. Себебі көзқарасты қалыптастыру үшін оған көп уақыт кетеді. Ол жай көзқарас емес, отандық құндылық. Сол себепті сарапшылардың алдына қойылған жұмыс - қоғамдық дискусс қалыптастыру", - деді ол.
Жасұлан Ордабаев
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!