Жаңа құрылыстан пәтер сатып алып, тұрғын үйге көшіп барған соң оның сапасының нашар екенін түсінсеңіз, ҚР заңнамасына сәйкес, құрылыс салушы мен мердігерге талап қоюға құқыңыз бар. Бұл туралы заңгер Бауыржан Сералин Желідегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маман мәліметінше, мердігер мен құрылыс салушы кемінде 2 жыл болатын кепілдік мерзімі ішінде кепілдік міндеттемелерін орындауға міндетті.
"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заңның 19-бабы 7-тармағына, сондай-ақ "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" заңының 69-бабына сәйкес, мердігер мен құрылыс салушы кемінде 2 жыл болатын кепілдік мерзімі ішінде кепілдік міндеттемелерін орындауға міндетті. Сондықтан, сіздің осы уақыт ішінде кепілдік міндеттемелерін орындау үшін құрылыс салушы мен мердігерге талап қоюға құқыңыз бар", - дейді заңгер.
@bauyr_ser Жаңа пәтер алып, құрылыс сапасы нашар болса Если купилии новую квартиру, и есть проблемы с качеством строительства #құқықтықкеңес #юридическаяконсультация #LSGroup ♬ оригинальный звук - Бауыржан Сералин
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заңның 19-бабы 7-тармағында мердігер, құрылыс салушы және уәкілетті компания кепілдік мерзімі ішінде жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген тұрғын үй көрсеткіштері сапасының сақталуына және тұрғын үй құрылысының үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес тұрғын үйді пайдалану мүмкіндігіне кепілдік береді.
Ал "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" заңының 69-бабында белгiленген кепiлдi мерзiм iшiнде анықталған сәйкессiздiктер мен жолсыздықтар бойынша жауапкершiлiк оларды жою жөнiндегi мiндеттемелермен бiрге мердiгерге жүктеледi делінген.
Сондықтан, жаңа пәтерге көшіп, сапасы ұнамаса сенімді түрде жауапты өкілдерге талаппен бара аласыз.
Айта кетейік, бұған дейін ипотекаға үй алу әлде жер үй салу: қайсы тиімді екені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Абысын мен ажынның айырмашылығы неде?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!