Тағам құрамындағы кейбір дәрумендер темекі шегуге деген құштарлықты азайтуға көмектеседі. Go Smoke Free сарапшылары диета арқылы тәуелділіктен қалай арылуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Магний. Минерал стресс пен мазасыздық деңгейін төмендетеді. Магний дәнді дақылдарда, жаңғақтарда және тұқымдарда кездеседі.
Тирозин. Бұл амин қышқылы ағзада допамин, бақыт гормонын өндіреді. Ол тауық, тофу, бадам жаңғағы, сүзбеде кездеседі.
С дәрумені. Ол ағза және жасушаларға темекіден туған тотығу стрессімен күресуге көмектеседі. Болгар бұрышы, апельсин, гуава, киви, манго, папайя және итмұрын С дәруменіне бай.
Омега-3. Май қышқылының қабынуға қарсы қасиеті темекіден туған қабынуды азайтады. Омега-3-тің негізгі көзі - майлы балық.
В тобының дәрумендері. Олар құс, шошқа етінде, жұмыртқа, анар, жасыл жапырақ, брокколи, жармада кездеседі.
Е дәрумені. Темекі шеккенде осы дәруменнің қоры таусылады. Ол авокадо, асқабақ және бадам жаңғағында бар.
Айта кетейік, бұған дейін Ораза 2023. Ауыз ашқаннан кейін темекі шегу қаншалық дұрыс екені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ж. Аймауытов әдебиетпен қатар, қай саланы дамытуға үлес қосты?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз