Ораза 2023. Ауыз ашқаннан кейін темекі шегуге бола ма?

Ораза 2023. Ауыз ашқаннан кейін темекі шегуге бола ма?
Фото: ru.freepik.com

Ораза кезінде ауыз ашқаннан кейін темекі тартуға бола ма? Ауыз ашық кезде тартылған темекі үшін қаза өтеле ме? Бұл сұраққа Islam.kz сарапшылары жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Күндіз ауыз берік кезде темекі шегу – оразаны бұзады, әріберіден соң, шеккен адамның ішкі құмарлығын қанағаттандырушы ерекшелігіне қарап, Ханафи ғалымдары "кәффарат өтеуді керек етеді" деген.

Ауыз ашқаннан кейін тартқан жағдайда, күндіз ұстаған оразаңыз бұзылмайды, қаза немесе кәффарат керек емес. Алайда, ауыз ашқаннан кейін болса да, темекі тартқаны үшін оразаның сауабы кемуі мүмкін екенін ескерген жөн. Өйткені темекі дінімізде тыйым салынған. Оның харамдығы жөнінде ғалымдар арасында талас жоқ", - деді Islam.kz сарапшылары.

Ескерте кетейік, осыған дейін кәффарат деген не және оны қандай кезде өтейтінін жазған болатынбыз.

Биыл Ораза 23 наурызда басталды. Ораза 2023 кестесін мына жерден көре аласыздар.

Еске салайық, бұған дейін биылғы пітір садақа мөлшері белгіленгені хабарланған болатын. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.

А. Жапатова