Қоғамда аяқты ыстық суға салып отыру, бас сақинасын басады немесе тоқтатады деген пікір бар. Бұл қаншалық рас? Сарапшы Мелинда Ринг түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, аяқты ыстық суға салу жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін. Жылы су дененің перифериясындағы жүйке жасушаларын ынталандырады, бұл теориялық тұрғыдан бас сақинасы кезінде миға түсетін ауырсынуды баса алады.
"Бас ауруы кезінде ыстық судың нақты қалай жұмыс істейтіні әлі анық емес. Әзірге бұл тақырыпқа қатысты зерттеу жеткіліксіз. Алайда, кейбір адамдарға бас ауруды басуға бұл әдіс шынымен де көмектеседі", - дейді медицина ғылымдарының докторы Мелинда Ринг.
Сарапшылар бас ауырғанда аяқты ыстық суға салып көруге кеңес берді, өйткені әдіс қарапайым және қауіпсіз.
Айта кетейік, бұған дейін маман бас ауруын дәрісіз қалай басуға болатыны хабарланған болатын.
Маман бас ауруын дәрісіз басуға болатындықтан, ауырсынуды басатын дәріні тым көп мөлшерде пайдаланбауға кеңес берді.
"Тиімді әдіс - бас сүйегінің негізіне массаж жасау. Бас бармақтарыңызбен желке бөлігін ақырын орталықтан екі жаққа, яғни құлаққа дейін уқалаңыз. Кішкентай кеуде бұлшықетімен де жұмыс істеуге болады. Иық пен мойын сүйегі қосылатын жерде салмақ түсірсе, ауратын шұңқыр бар, үстінен басып, оны да уқалауға болады", - деп түсіндірді Владимир Бондаренко.
Тағы да оқи отырыңыздар: Наурыз қашаннан бері тойланады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!