Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев жүргізуші жол жағдайының нашарлығына байланысты жол апатына ұшырап, көлігін бүлдірген жағдайда мемлекеттен өтемақы талап ете ала ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қожаевтың айтуынша, автокөлік жүргізушілерінің мұндай құқығы бар және олар оны пайдалана алады.
"Әрине, егер жол апатының себебі жолдың нашар сапасынан деп танылса, жүргізушінің апаттың алдын алуға мүмкіндігі болмаса, ол сотқа жүгінуге құқылы және осындай деректер бар. Жүргізушілер көлік пен мүлікке келтірілген зиян үшін өтемақы алады", - деп жауап берді министрдің орынбасары.
Айта кетейік, бұған дейін жол апатынан күніне 6 қазақтандық қаза табатынын хабарлаған болатынбыз.
Тағы да оқи отырыңыздар: Адамның жүрегі қайғыдан жырылып кетуі мүмкін бе?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз