Жол апатынан күніне 6 қазақтандық қаза табады - Смайылов

Жол апатынан күніне 6 қазақтандық қаза табады - Смайылов
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев

Елімізде көлік апатынан күніне 6 адам көз жұмады. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Биыл статистикалық деректер бойынша жол-көлік оқиғалары мен зардап шеккендердің саны біршама төмендеген. Дегенмен еліміздің күрежолдарында күніне орта есеппен 5-6 адам қаза табады. Әр цифрдың артында қаншама жанның өмірі мен денсаулығы тұр. Өкінішке қарай, бізде көлік жүргізу мәдениеті мен тәртіп деңгейі төмен", - деді Смайылов Үкімет отырысында.

Оның айутынша, жолдағы құқықбұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік күшейіп жатыр.

"Соған қарамастан полиция жол бойында мас күйде рөлге отырған және бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған мыңдаған жүргізушіні ұстайды. Әрине, мұндай заңбұзушыларға барынша қатаң шара қолдану керек", - деді премьер-министр.

Аяз Есен 

Тағы да оқи отырыңыздар: Телефонды күніне қанша сағат қолдануға болады?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек