Бишімбаевқа қатысты сот отырысында сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров марқұм Салтанат Нүкенованың денесіндегі жарақаттар туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сарапшының сөзінше, Нүкенованы қолымен қылғындырған болуы мүмкін. Мұны оның денесіндегі жарақаттар көрсетеді.
"Мәйітті сипаттама бойынша қайта зерттеу кезінде мойын тұсында қалқанша безінің артындағы бұлшықетте қан ұйығаны анықталды. Бұл мойны қылғынғанын көрсетеді. Мұның бәрі механикалық асфиксияны көрсетеді, яғни жарақат алған кездегі гипоксия дерегі расталды", - деді Халимназаров.
Судья "марқұмды қылғындырды деген қорытынды жасауға бола ма және бұл соққыларға дейін немесе одан кейін болды ма?" - деп сұрақты нақтылады.
"Ашығын айтқанда, мұны қылғындыру белгілері көрсетеді", - деді сарапшы.
Еске салайық, бұған дейін сарапшы Нүкенова қандай жарақаттар алғанын манекен арқылы көрсетті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!