"Human Rights Lawyers" басшысы, заңгер Ләззат Рақышеваның оқырмандарының бірі басынан өткен адамшошырлық жайтты айтып, хат жолдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл хатты Ләззат Рақышева өзінің Instagram-парақшасында бөлісті.
"5 жасымда туған ағам мен әкемнің әпкесінің баласы қорлық көрсетті. Анама айтсам "ағаң тиіспедім деп айтты"- дейді. Бүгін 16 жасар қыздың жазған хатын көріп есіме түсті. Осы жақында әкемнің әпкесіне сол жағдайларды айттым (бір әңгіме болған еді зорлықшы ағам туралы). Ол кісі "айттым ғой қысқа киме деп, өздерің солай киініп жүресіңдер", - деді.
Сонда неге адамдар ойламайды 5 жасар қызға тиіскен жігіт кінәлі деп?! Сонда 5 жастағы қыз хиджаб киіп жүре ме? Туған ағасы, әкесі зорлап жатса неге қызды қорғамасқа?!
Қазір тұрмыстамын. Бірақ өткен өмірімдегі болған нәрселер қазір де кері әсерін тигізіп жатыр. 19 жасымда "бедеулік" диагнозы қойылды. Алланың қалауымен емделіп қазір 2 балам бар. Тек аналарға айтқым келетіні: ұл болса да, қыз болса да сырласыңыздар. Әсіресе 12-14 жастан бастап өтпелі жас. Біз ата-анамызды тыңдайтынбыз, ұрғаннан өлмедік деп лағып кетпесінші", - деп жазған оқырман.
Айта кетейік, бұған дейін 15 жастағы қыз туған ағасынан зорлық көргені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ыбырай Алтынсариннің балаларға арналған шығармалары
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!