15 жастағы қыз туған ағасынан зорлық көрген

15 жастағы қыз туған ағасынан зорлық көрген
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев

"Human Rights Lawyers" басшысы, заңгер Ләззат Рақышеваның оқырмандарының бірі басынан өткен адамшошырлық жайтты айтып, хат жолдаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл хатты Ләззат Рақышева өзінің Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Мен ол кезде 10-11 жаста болуым керек, нақты есімде жоқ. Әке-шешем еншісін алған, яғни апам үйі бөлек, менің үйім бөлек. Содан бір күні ол Астанадан келді ауылға. "Ағам ғой, амандасайын, ойнап қайтайын" деп үйіне бардым. Сосын ол "аяғымды басып берші" деп мені бөлек залға шақырды. Мен бардым. "Шалбарыңды шеш те жат" деді, қорықтым, оған қоса, кішкентай болғандықтан не ойы барын білмедім... Содан ол мені түрде зорлады. Қазір 15-темін. Осы жазда мен Астанаға бардым. Туған ағамның үйіне, оның үйі бөлек. Әйелі екеуі қоймай үйіне шақырды. Дым ойым жоқ, бардым. Біраз күн сол үйде тұрдым. Әбден тиіспейтіндей сендірді, маған тиіспей жүрді. Солай бір күні мамам мен жеңгем (әйелі) маған айтпай кетіп қалыпты, үйде балалар бар тиіспейтін шығар деп отыра бердім", - деп жазған оқырман. 

Оның айтуынша, бұл жолы да туған ағасы зорлаған. 

"Сосын бөлеге шақырды, сездім не боларын. Тағы да зорлады, қарсы шықтым, бірақ ол қоймады. Мүшесін ұстатып "қалай, үлкен бе? Саған сүйген ұнай ма?" деген жаман сөздер айта бастады. Көзімді жұмып қарсы келіп жаттым, сонда да болмады... Ертесіне үйінен кетіп қалдым. Ұзақ күн өтіп, мені қайта шақырды, бармай жүрдім. Бір күні звондап "балаларды қарашы, мен кетемін" деп шақырды (жеңге жұмыста болды ол күні). Сосын қорықсам да балалар үшін бардым. Оны кетеді деп ойладым. Ол кетпеген, қайта тиісіп бастады, балаларды ойна деп сыртқа шығарып жіберді. Бұл жолы кәдімгідей Алладан жәрдем тілеп, қарсы шықтым "тиіспе маған, жолама, керек емес" деп ұстаған сайын итеріп жіберіп, сүйгізбедім. Өзі де мамама айтады деп ойлап корықты-ау, тиіскен жоқ.  Сосын қарсы келу керегін түсіндім. Маған енді тиіспеймін деп сөз берді,сенбедім,одан кейін үйіне жоламай кеттім. Бірақ Астанаға оқуға барамын, тағы тиіссе ше деп қорқамын. Оған қоса, менде фобия, травма қалып кетті, ер адамнан, сыбырлаған дауыстан қорқамын, ұнатпаймын. Мен намаз оқитынмын, оқып жүріп маған тиіспейтін шығар ойлайтынмын. Басқа қыздарға айтарым: қарсы келу керек. Білемін, оңай емес, бірақ өзіміз, болашағымыз үшін қарсы шығу керек", - деп жазған ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстанда қанша әйел мен ер адам бар? 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек