- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Риддер тұрғыны балағат...
Риддер тұрғыны балағат сөздерді көршісіне емес, итке айтқанын сотта дәлелдеді
Риддерде жергілікті тұрғын балағат сөздерді көршісіне емес, итке айтқанын сотта дәлелдеді, - деп хабарлайды YK-news.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Порталдың мәліметінше, жігіттің үстінен қозғалған әкімшілік өндіріс тоқтатылды. Себебі, ол көршісін емес, итті балағаттағанын сотта дәлелдеді.
"24 жастағы жігіт достарын үйіне шақырған. Шулағандары үшін оларға көршісі жүгіріп келіпті. Тысқа шыққан жігіт әңгіменің мән-жайын естіп, ашуланып, балағат сөз айтқан. Айтылған сөздер өзіне бағытталды деп ойлаған әйел полицияға арызданды. Бұл дерекке қатысты қылмыстық өндіріс қозғалды", - делінген жарияланымда.
Жігіт сотта адвокатының көмегімен балағат сөздерді әйелге емес, итке айтқанын дәлелдеді. Оның айтуынша, сол сәтте ит үріп, ол әйелдің айтқан сөздерін естімеген, сондықтан итке балағат сөздер айтыпты. Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық айыбы да алып тасталды, себебі жігіт қоғамдық орында емес, өз үйінде болған.
М. Бисембаева