Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Қазақстандағы қала атаулары не білдіреді? – 3

Қазақстандағы қала атаулары не білдіреді? – 3

Қазақстандағы қала атаулары не білдіреді? – 3

Қазақстанның ірі қалалары аттарының шығу тарихын біраз зерттеп, осыған дейін мағлұмат берген болатынбыз. Ал енді кішігірім қала аттарының шығу тарихына, яғни микротопонимдерге тоқталып өтсек.

Екібастұз - Осы өңірде тас көмір кені ашылғанға дейін, оның күншығыс жағында жатқан тұзды көл ерте заманнан бері «Екібастұз» деп аталған. Ол мұрағат құжаттарынан белгілі. Осыған байланысты кейін бұл жерден табылған тас көмір кені де, оның жанына орнаған қалашық пен қала да «Екібастұз» деп аталады.

Рудный - 1949 жылы 18 ақпанда Алтай геологиялық-барлау экспедициясының ұшқышы М.Г.Сургутанов «Сарыбай» шатқалының үстінен ұшып бара жатып, кенеттен компас тілі оңтүстікке бұрылғанын байқады. Үш ай өткен соң сол аймаққа геологтар мен географтар келеді. Олар Сарыбай мекенінде ірі кен орны жатқанын анықтайды. 1949 жылғы көктемде В.П.Новиков Соколов темір кені пайдалы қазбасын ашады. Рудный деген атау, әрине, Үлкен Торғайдың темір кенінің орасан үлкен қорлары болуынан шыққан (Рудный – орыс тілінен аударғанда «Кенді» деп аударылады). Соколов және Сарыбай кен орындары оның інжу-маржаны болып табылады.

Жаңаөзен – 1953-1956 жылдары Өзен ойысында аймақтық геология-геофизикалық жұмыстар жүргізіле бастайды. Терең бұрғылау жұмыстары 1960 жылы басталып, 1962 жылы кен орны ашылады. 1961 жылы Өзен ойысынан тұңғыш газ фонтаны атқылайды. 1968 жылы Өзен мұнай кенін игеру мақсатында Жаңаөзен қаласының іргетасы қаланады. 1973 жылы 20 наурызда Жаңаөзен облыстағы дәрежелі қалаға айналды.

Балқаш – Атаудың шығу төркіні мен мағынасы жайлы әртүрлі пікір бар. Әуел бастан ол Балықаш аталып, кейіннен Балқаш боп қалыптасқан болу керек. Өйткені көне түркі тілдерінде балық - «су, өзен» деген сөз болғаны тарихи деректерден мәлім. «Балқаш» «жағасы балшықты, батпақты, су көп, мол көл» деген мәнді білдіретін атау.

Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар. Бұдан көп ғасыр бұрын көлдің батыс жағалауын бір бай мекендеген екен. Оның Балқия атты аса көрікті қызы болыпты. Ол тек көркімен ғана емес, ақылымен де, адамгершілігімен де ел аузына ілігіпті. Сүйікті қызды әкесі ғана емес, бүкіл жұрт еркелетіп Балқаш деп атайтын болыпты.

Жасы он жетіге толғанда Балқия алыс елден келген Ерден атты бір жас жігітке ғашық болады. Алайда қазақтың көне әдет-ғұрпы бойынша ата-анасы қызды бала күнінде атастырып, бай қалың мал алып қойған екен. Мұны естіп-білген қыз бен жігіт жасырын қашпақ болып келіседі де, бір ыңғайлы келген түнде екеуі екі атқа мініп тайып отырады. Ертесіне екі ғашық бір қалың қамыстың ішіне келіп дем алуға тоқтайды. Мұнда олар ойламаған жерден қырсыққа тап болады. Тал түсте аттарына қамыс ішіндегі қабандар тап береді. Ерден аттарды құтқарам деп жүргенде, қабанның азу тісі денесіне оңдырмай ауыр жарақат салады. Балқияның сүйікті жігітін өлімнен арашалап қалуға шамасы келмейді де асыл жарын жерлеп, өзі де сол жерде өлмек болады. Ал бұл кезде қабаннан үркіп қашқан екі ат қыз бен жігіттің туған ауылына келіп бір-ақ тоқтайды. Ыза болған қыздың әкесі жігіттерге қашқындарды ұстап әкелуге әмір береді және оларды халық алдында қарабет қылып жазаламақ болады. Қашқындарды іздеп шыққан жігіттер ат тұяғының ізімен жүріп отырып, қыздың тығылған жерін табады. Қуғыншыларды көрген соң, әкесінің қатал мінезін жақсы білетін Балқия, қолға түскеннен өлімді артық көріп, биік жардан көлге бір-ақ секіреді де су түбіне кетеді. Бұл ауыр оқиға, трагедия сол маңдағы елге түгел жайылып, бұдан былайғы жерде көлді өздері еркелетіп айтатын, сүйікті жас арудың атымен Балқаш деп атап кеткен екен.

Бұл көл атын алған шаһар - іргетасы 1937 жылы қаланған, Балқаш көлі жағасындағы, Қарағанды облысына қарасты қала. Балқаш көлінің солтүстік жағында кеме тоқтайтын орын (пристань) - айлақ және қалада темір жол стансасы бар.

Қаскелең сөзі - "Қашқа" және "йелең" деген сөздерден шыққан. Қашқа - сөзі көне түркі тілінде "тасқын, тасыған су, ағысынан бөлінген" деген мағынада айтылған. Өзбектерде "Қашқадария" "Қашқашу" (Қасқасу) аталатын жерлер бар. Қаскелеңнің мағынасы солармен үндес. Ал "Йелең" сөзі (қазақ тілінде қазір "желең", "желек") - өскін, балауса дегендей мағына берген. Мүмкін түбірі йел (жел) шығар. Этимологиялық сөздіктерде "Қаскелең" сөзі - соған орай "Тасыған судың лебі (өскіні)" деген мағына береді" деп түсіндірген.

Құлсары - іргесі 1939 жылы осы өңірден мұнай мен газ өндірілуіне байланысты қаланды. Атауы 19-ғ-дың басында осында өмір сүрген және жерленген, ел арасында беделді, көріпкелдігі де бар Құлсары батырдың есіміне байланысты қалыптасқан.

Риддер - Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысындағы қала (1932 жылдан), темір жол станциясы. Іргесі 1784 жылы орыс инженер-технигі Филипп Риддер осы маңнан полиметалл кенін ашуына байланысты қаланды. 1941 жылға дейін Риддер, 1941 — 2002 жылдары Лениногорск деп аталған. 1917 жылға дейін қала шетел капиталистерінің қолында болған. 2002 жылы қайта Риддер деп аталды.

Талғар - «Талғар» – моңғол сөзі. Қазақ тіліндегі тура мағынасы «Доғал». Яғни, біз айтып жүрген «Талғар тау» – «Доғал тау» деген мағынаны білдіреді. Зер салып қараңыздаршы, Алатаудың Есік, Алматы басындағы шыңдары тік, үшкір келсе, Талғардың маңы доғалданып кетеді. Табиғаттың осы көрінісіне байланыстырып, «Доғал тау» болған кезінде. Келе-келе «Талғар тау» атанып кеткен.

Қапшағай – Қапшағай су қоймасы 1970 жылы Іле өзенінде су электр стансасының құрылысы арқасында пайда болды. Ежелгі түрік сөзі «Қапшағай» «тас аңғар», немесе «шатқал» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздің шығу тегінің тағы бір болжамы Жоңғар шапқыншылығы заманымен байланысты, қазақ қолбасшысы Қаптағай батыр бұл жерде өзен арқылы өтіп, оның арнасын құм салынған қаптармен бекітіп тастамақшы болады. Яғни, қап сөзі де Қапшағай аталуына негіз болса керек.

Жаркент - «Жаркент» де­ген сөз жардың жағасындағы қала. Кент - парсы және түркі халықтары тілінде шағын мекенжай немесе соқпалы қабырғалармен қоршалған көгалды аймақтағы қала дегенді білдіреді.

Байқоңыр – Бұл жерде «қоңыр» деп топырақты айтқан. Демек, топырағы құнарлы, бай жер дегенді білдіреді.

Аягөз - қаланың қазіргі атауы ауданнан ағып өтетін Аягөз өзеніне байланысты қойылған. Ғалымдардың пікірінше өзеннің аты түркілердің ай тайпасының атауы мен түркіше "өгөз" «өзен», яғни «ай руының өзені» дегеннен пайда болған; ал халықта түркіше ая — «әдемі» және гөз/көз — «көз» деген нұсқа кең таралған.

Шу – 336-323 жылдары өмір сүрген Шу хақанының есімімен аталған. Яғни осыдан шамамен 2300 жыл бұрын Шу шаһарының (қаласының) іргетасы қаланды деуге тарихи негіз бар.

Арқалық – Торғай облысының орталығы. Қала орналасқан жерінің атауын меншіктенген. Бір зерттеушілердің пікірінше, жер атауы «солтүстік», «батыс», мағыналарын беретін «арқа» сөзімен байланысты пайда болған. Сонымен қатар, башқұрт тілінде «арғышы» сөзі «таулы», ар «арғышы урын» тіркесі «таулы жер» деген мағына береді. Мұны хақас тілі дерегі қуаттай түседі. Оларда «арғалығ» дыбыстық құрамдағы сөздің екі түрлі ұғымы бар: 1) жоталы, 2) биік (жер туралы). Расында да, Арқалық қаласы мен Арқалық ауданының орналасқан жері үстіртті, шоқылы болып келеді: сол жерлерден боксит, қоңыр көмір кендері қазылып алынады. Шығыстан батысқа қарай аласара түсетін бұл қадірлі жерлердің теңіз бетінен биіктігі 250-300 метрдей болып келеді. Келтірілген тіл деректері мен жер бедеріне сүйене отырып, Арқалық өз атауын орналасқан жердің бедеріне байланысты иеленген. Дәлірек айтқанда, түркі тілдерінде ертеректе жоталы, үстіртті жерлер «арқалық» сөзімен аталған деуге болады.

Шалқар – Шалқар сөзі қазақ тілінде «үлкен», «кең», «байтақ» ұғымында қолданылады. Басқа түркі тіліндегі мәліметтерге назар салсақ, «шалқар» сөзі суға байланысты мағынаны береді. Тұңғыс-манчжур тілінде шалқар – «өзен» мағынасын, якут тілінде «чалығыр – су шолпылы, тува тілінде – «толқын», моңғол тілінде «цалгиа» – «үлкен толқын», «су сыбдыры», «цалчих» – «жарға соғу», «толқындау» ұғымын береді. Демек, көл атауы шалп-шалп-шалқы – «ернеуінен асып төгілу» ұғымы негізінде пайда болған. Гидроним судың түрлі қимыл-қозғалысы мен қасиетіне байланысты қалыптасқан.

Өкінішке орай, барлық қалаларды қамтып шығу мүмкін емес. Егер қандай да бір қаланың атауы мен шығу тарихы қызықтырса, пікір ретінде қалдырсаңыз болады. Барынша біліп беруге тырысамыз. Қазақстанның ірі қалаларының топонимдерін мына жерден және мына жерден оқи аласыз.

Сурет: hottour.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 11 қараша 2013, 18:41
Пікірлер
+0
12 қараша 2013, 10:15

Жақсы ақпарат екен, көп қаланың аттарының неге олай аталғанын білмеуші ем

+0
12 қараша 2013, 12:34

Бұл бiр пайдалы, керек дерек болды, үш бөлiмiнде жазып алып, жаттау керек ендi! Ақпарат үшiн рақмет!

+0
06 қыркүйек 2017, 10:33

Караганды облысына кiретiн Каражал каласынын атауы кайдан шыккан?!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.