Respublica партиясы ресми тіркелгенін хабарлады

Respublica партиясы ресми тіркелгенін хабарлады
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Respublica партиясы ресми тіркеу құжаттарын алды. Бұл туралы партия жетекшілерінің бірі Айдарбек Ходжаназаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біздің ресми өкіліміз Астана қаласының ХҚКО-ның бірінде Respublica партиясының тіркеу құжаттарын қолына алды. Енді біз - еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз! Бұл ұзақ апталар мен айлап күткен және бірнеше рет тіркеуге жіберілмеген сәтсіздіктерден кейінгі ортақ жеңісіміз! Алайда бұл сынақтар бізді тек қана күшейтті", - деп жазған Айдарбек Ходжаназаров Facebook-парақшасында.

Партия жетекшілерінің қатарында Айдарбек Ходжаназаров, Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шүкіжанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев бар.

Еске салайық, бұған дейін желтоқсанда Әділет министрлігі Respublica партиясы тіркелгені туралы ақпаратты жоққа шығарған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек