Министрлік Respublica партиясы тіркелгені туралы ақпаратты жоққа шығарды

Министрлік Respublica партиясы тіркелгені туралы ақпаратты жоққа шығарды
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Бұқаралық ақпарат құралдарында Respublica партиясын тіркеу туралы ақпарат пайда болды. ҚР Әділет министрлігі бұған қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР Әділет министрлігі мәліметінше, 2022 жылғы 24 қарашада Respublica саяси партиясын құру ниеті туралы хабарламаның келіп түскені туралы растау ғана берілді.

2022 жылғы 3 желтоқсанда Respublica саяси партиясын құру жөніндегі ұйымдастыру комитеті Құрылтай съезін өткізді. Министрлік саяси партияны тіркеуге құжаттар келіп түсуін күтіп отыр.

"Әділет министрлігі БАҚ өкілдерінен нақтыланбаған ақпарат үшін кешірім сұрайды", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек