"Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожин мақсаты қандай болғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Пригожин "әділет шеруінің" алғышарттарын атады.
"Вагнер" ЖӘК - Ресейдегі, мүмкін әлемдегі ең тәжірибелі және қабілетті бөлім. Интриганың, ойластырылмаған шешімдердің нәтижесінде бұл бөлім 2023 жылғы 1 шілдеде жұмысын тоқтатуы керек еді. Ешкім Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыруға келіскен жоқ, өйткені қазіргі жағдайдан бәрі жауынгерлік қабілет толық жойылуына әкеп соғатынын біледі", - деді Пригожин.
Ол мұны Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыруды көксейтіндер жасағанын жеткізді. Алайда, оның айтуынша, бұл 2 пайыздан аспады. Сондай-ақ, Пригожиннің сөзінше, әскери көтеріліске негізгі себеп Қорғаныс министрлігі позициясынан жасалған зымыран соққысы болды. "Вагнер" ЖӘК тарапынан 30-ға жуық жауынгер қаза тапты.
"Бүкіл шеру барысында 780 шақырым жол жүрдік. Бізге қосылған Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері арасында жараланғандар мен қаза тапқан екі адам бар", - деді ол.
Пригожин мақсаты қандай болғанын түсіндірді.
"Науқанның мақсаты "Вагнер" ЖӘК-ның жойылуына жол бермеу және біліксіз әрекеттерімен көп қате жіберген адамдарды жауапқа тарту болды... Мұны жұртшылық талап етті. Мәскеуге жетуге 200 шақырым қалған еді. Бірінші шабуыл жасағы артиллерияны орналастырып, аймаққа барлау жүргізген сәтте тоқтадық және сол кезде көп қан төгілетіні анық болды. Сондықтан не істегіміз келетінін көрсету жеткілікті деп санадық және әскерімізді кері қайтардық", - деді ол.
Айта кетейік, 24 маусымға қараған түні "Вагнер" басшысы Евгений Пригожин "әділет шеруін" бастап, әскери колоннаны Мәскеуге жіберді. Владимир Путин жалдамалылардың әрекеттерін "арттан жасалған соққы" деп атады, сонымен қатар, қарулы көтеріліс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
24 маусымда түн ортасына қарай Пригожин "Вагнер" жауынгерлері Мәскеуге жетуіне 200 шақырым қалғанын және "қан төгілуі мүмкін сәт келгенін" хабарлады. Бұдан бірнеше минут бұрын Беларусь президентінің баспасөз қызметі Александр Лукашенко "Вагнер" басшысымен "күні бойы жалғасқан" сәтті келіссөз жүргізгені туралы мәлімдеді.
Кейінірек Кремль Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын, ол Беларуське кететінін мәлімдеді. Ал билік көтеріліске қатысқан "Вагнер" құрамындағыларды қудаламайтыны айтылды.
Еске салайық, бұған дейін Ресейде ішкі қақтығыс басталғаны хабарланған еді.
БАҚ Ресейде әскери төңкеріс басталғанын хабарлады: елде не болып жатыр?
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі елдегі жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Сондай-ақ, Путин Ресейдегі жағдайға байланысты пікір білдірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!