- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ресей мен Беларуське...
Ресей мен Беларуське салынған санкция: Қазақстан Балтық елдерімен келісімге келді
Көлік мнистрлігі Балтық елдерімен (Латвия, Литва, Эстония) халықаралық жүк тасымалы бойынша келісімге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көлік министрі Марат Қарабаев Латвия, Литва және Эстониямен жүк тасымалы бойынша уағдаластыққа қол жеткізілгенін айтты. Бұл келісім қазақстандық жүк тасымалдаушылардың жұмыс істеуіне жағдай жасауды көздейді.
"Бүгінде Еуропа елдерінің рұқсат бланктеріне қажеттілік күрт өсті. Латвия, Литва және Эстониядан алынған рұқсат бланкілерінің 70 пайыздан астамы қазақстандық тасымалдаушыларға берілген. Іс сапар барысында қазақстандық тарапқа қосымша рұқсат бланкісін беру туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Латвия 6 мың рұқсат бланкін, Эстония 800 рұқсат бланкін, Литва 3 мың рұқсат бланкісін беретін болды", - деді Марат Қарабаев.
Нәтижесінде 2024 жылы Балтық елдері беретін рұқсат бланкілерінің саны шамамен 29 мыңға жеткен.
"Бұрын мұндай болмаған. Бұл –рекордтық көрсеткіш. Қосымша рұқсат бланкі санының артуы Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы тауар айналымының өсуіне, сондай-ақ тасымалдау құнының төмендеуіне ықпал етеді", - деді көлік министрі.
Бұған дейін әлемдегі геосаяси жағдай ушығып, Қазақстандағы ірі кәсіпорындар кірісінен айырылғаны хабарланған еді.
Сондай-ақ Ресей мен Беларуське салынған санкция салдарынан Қазақстан қиындыққа тап болғаны айтылған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Есен