Рахмоновтың келесі қарсыласы кім болуы мүмкін?

Америкалық журналист Кристен Кинг Шавкат Рахмоновтың (17-0) кейінгі жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. Сарапшы "Номадтың" келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екені туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Бұл Шавкат үшін өте қиын жекпе-жек болды. Ол алғаш рет күшті қарсылыққа тап болды. Үшінші раундта бәрі басқаша болуы мүмкін еді. Алайда Рахмонов үздік болды және лайық жеңіске жетті. Енді ол топ-5 рейтингіндегі біреуімен жекпе-жекке шығуы керек. Бұл Хамзат Исаев немесе Белал Мұхаммед болуы мүмкін. Алайд Хамзат басқа салмаққа ауысады. Сондықтан Мұхаммедпен жекпе-жекке шығуы мүмкін. Менің ойымша, бұл керемет шайқас болар еді. Алайда қазір біз тек болжам жасап отырмыз. Қалай болғанда да, Рахмонов үздік қарсыласпен шығуы керек", - деді Кинг.

Еске салайық, кеше, 5 наурызда қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (17-0) UFC 285 турнирінде үздік файтер саналатын америкалық Джефф Нилді (15-5) жеңді. Жекпе-жек үшінші раундта аяқталды.

Шавкат Рахмонов осы жекпе-жектен кейін қанша ақша алатыны белгілі болды.
 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!