Шавкат Рахмонов UFC-дің үздік файтерімен жекпе-жекте қанша ақша алатыны белгілі болды

Шавкат Рахмонов UFC-дің үздік файтерімен жекпе-жекте қанша ақша алатыны белгілі болды

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (16-0) Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилмен (15-4) жекпе-жегі үшін қанша табыс табатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Номадтың" кепілдендірілген гонорары 30 мың доллар және демеуші бонусы ретінде 6000 доллар болады. Сонымен қатар, Рахмонов Нил салмақ өлшеу рәсімінде сәтсіздікке ұшырағаны үшін төлемінің 30 пайызын алады, бұл - 25 500 доллар.

Айыппұлға дейін америкалықтың кепілдендірілген төлемі 75000 доллар болды (қосымша 10000 доллар демеуші бонусы).

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова