Пышақтап кеткен: Алматыда ерлі-зайыпты зейнеткерлердің денесі табылды

Пышақтап кеткен: Алматыда ерлі-зайыпты зейнеткерлердің денесі табылды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Алматы қаласында тұрғын үйлердің бірінен 89 жастағы әйел мен 87 жастағы ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өлтірді деген күдікпен 56 жастағы әйел қамауға алынды. Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 27 қараша күні болған. 

"Түрксіб аудандық полиция басқармасы кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша 56 жастағы әйел жанжалдың салдарынан өзінің таныстарын өлтірген. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - делінген ПД мәлімдемесінде. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында бөтелкелесін пышақтап өлтірген тұрғын сотталғанын жазған едік.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Литпин