Ұлытау облысында бөтелкелесін пышақтап өлтірген тұрғын сотталды

Ұлытау облысында бөтелкелесін пышақтап өлтірген тұрғын сотталды
Фото: Коллаж: depositphotos.com

Сәтбаев қалалық соты жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда оның өліміне әкеп соқтырған сотталушы Т-ға қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға қашан және қалай болған?

Биыл 23 тамызда шамамен сағат 23:50-де сотталушы Т. мен жәбірленуші А. Сәтбаев қаласынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан "Абай" шаруа қожалығы аумағында, уақытша жұмыс орындарында бөлінген жерде спирттік ішімдік ішкен.

Спирттік ішімдік ішу барысында екеуінің арасында алкогольдік масаңдық салдарынан сөзге келіп қалып, жәбірленуші А. сотталушы Т-ның ескертуін өзіне қорлау деп қабылдап, қолындағы пышақпен оның бет аймағына бірнеше рет жарақат салған.

Бұған жауап ретінде сотталушы Т. жәбірленушіге деген өшпенділікпен, оның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру мақсатындағы қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін сотталушы жәбірленушінің қолындағы пышақты тартып алып, оны қару ретінде пайдаланып, жәбірленушінің оң жақ иығына бір рет пышақ сұққан.

Алған дене жарақаты салдарынан жәбірленуші Жезқазған қаласындағы көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан көз жұмған.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты.

Сондай-ақ оның кінәсі сотқа ұсынылған және сотта зерттелген дәлелдермен расталды.
Жаза тағайындау кезінде сот кінәні толық мойындау және ауырлататын мән-жайлар мен жеңілдететін жайларды ескерді.

Үкім қандай?

Сот үкімімен ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина