- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Путин Назарбаев секілді...
Путин Назарбаев секілді жүйе күйреуінің куәсі болады - оппозициялық блогер
Ресейлік саясаткер, бұрынғы депутат, ал қазір оппозициялық блогер Максим Кац YouTube-арнасында "Елбасы құлаған жыл. Путинге биліктің Назарбаев транзиті не үйретті?" деген ролик жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
21 минуттық роликте Кац Қазақстандағы қаңтар оқиғасы туралы айта кеткен. Блогер қазақстандықтар жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бастапқыда газ бағасына наразы болғанын, артынша митингіде саяси талаптар қойылғанын айтады.
Сонымен қатар, Кац Алматыдағы жағдай туралы айтқан.
"Олар қалалық әкімдік, президент резиденциясы, әуежай, партия және мемлекеттік телеарна ғимаратын қиратқан", - дейді блогер.
Одан бөлек, блогер полиция басшылары қаңтар оқиғасы кезінде жұмыс орнын тастап кеткенін және ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ұсталуын айтқан.
Сөз соңында Максим Кац Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйін кешуі мүмкін екенін айтады.
"Көптен бері Владимир Путиннің мерзімінен тыс жүйенің болашағына әсер ететін кез келген жоспарлар туралы естімей кетті. Ондай жоспар да жоқ. Жалғыз жоспар - билікті өлгенше ұстап қалу. Ал оны ешкім алып қоймауы үшін Путинге жоғары заңдастыру қажет. Оған Украинада жеңіске жету арқылы қол жеткізуі мүмкін шығар. Бірақ жеңістің орнына, Путин жеңілістен жеңіліс көріп отыр. (...) Путин Назарбаев секілді жүйе күйреуінің куәсі болады", - дейді блогер.
Еске салайық, бүгін Конституциялық сот Елбасы туралы заңның күші жойылғанын мәлімдеген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина