Психологтар қандай киім "сәттілік әкелетінін" айтты

Психологтар қандай киім "сәттілік әкелетінін" айтты
Фото: marieclaire

Киіміміз көңіл күйімізге ғана емес, өмірде болып жатқан нәрселерге де әсер етуі мүмкін. Doctorpiter психологтары таңдаған киіміміз бізді қалай өзгертетінін, бақытты немесе бақытсыз ететінін айтты.

Көңілге қонымды киім әдемірек және сенімдірек ететінін, тіпті табыс пен жаңа таныстарды тартатындай көрінетінін байқадыңыз ба? Кейде бұрыннан тозған, таныс және сүйікті заттар осындай сиқырлы қасиетке ие. Неліктен бұлай болады?

Қандай киім бізді бақытсыз етеді?

"Мен қайғылы естеліктермен байланысты киім бізді бақытсыз етеді деп сеніммен айта аламын. Осы заттарды қайта киіп, сіз бейсаналық түрде жағымсыз жағдайдың, сәттің қайталануын күтесіз", - дейді психолог Сергей Розанов.

"Бақытты киім де" сол принцип бойынша жұмыс істейді.

 

"Мысалы, сіз қиын емтиханнан сәтті өткен кезде киген джинсыды қайта кисеңіз көңіл күйіңіздің қайта көтерілетіні сөзсіз", - деп түсіндіреді психолог.

Жаңа киім сатып алыңыз, бұл маңызды

"Егер сіз өзіңіздің гардеробыңыздағы кез келген киіммен өзіңізді бақытсыз сезінсеңіз, стиліңізді өзгертуге тырысыңыз, бақытты адамдар сияқты киінуді бастаңыз. Стильді өзгерту жаңа, бақытты өмірге алғашқы қадам бола алады", - дейді Розанов.

Психолог гардеробыңыздың аудитін жүргізуге, кейбір нәрселерді киген кезде көңіл күйдің өзгеруіне назар аударуға кеңес береді.

"Егер сізге бақытсыз болған жағдайларды еске түсіретін нәрселер болса, олардан құтылыңыз", - дейді психолог.

Айта кетейік, бұған дейін психолог қандай қыздар тұрмысқа шықпайтынын айтқан болатын.

Т. Раушанұлы