Психолог қандай қыздар тұрмысқа шықпайтынын айтты

Психолог қандай қыздар тұрмысқа шықпайтынын айтты
Фото: start-fit

Бойжеткендер кішкентай кезінен бастап ақбоз атты ханзаданы армандайды. Ал қазіргі уақытта отбасын құруға асықпайтындар бар, бірақ басқалар оның тұрмысқа шығу керек екенін үнемі айтып, үгіттейді.

Егер айналаңыз сізге тұрмысқа шығу керек екенін айта беретін болса,  бірақ оны шынымен қажет деп санамасаңыз не істеу керек? Психолог Михаил Лабковский өзінің Telegram-арнасында осы сұраққа жауап берді.

Сарапшының түсіндіруінше, адамзат тарихында жалғыздық өлімге әкелетін кездер болған. Біздің ата-бабаларымыз отбасында, қауымдастықта өмір сүрген. Адамдар жаудан, жабайы аңдардан аман қалу үшін, бір-біріне қамқор болу үшін бір шаңырақ астында өмір сүрді. Алайда ол заман артта қалды, қоғамымыз өзгерді. Егер бұрын қоғамнан тыс кез келген адам белгілі қауіпке ұшыраса, енді жалғыздық әр адамның жеке таңдауы.

Лабковский адекватты өзін-өзі бағалайтын әйелдердің мүлдем тұрмысқа шыққысы келмейтінін айтады.

"Оларға жай күйеу қажет емес: тек жақсы көру және құрметтеу керек. Ондай бойжеткендер "бәрі тұрмысқа шығады", "досым да отбасын құрды" деп біреуді іздеп, АХАЖ-ға бармайды", - дейді маман.

Өз-өзін бағалайтын адамдар ғана өзгенің пікіріне тәуелді болмайды.

"Егер өзгенің сіздің отбасын құрған-құрмағаныңыз туралы пікіріне тәуелді болсаңыз, өз-өзіңізді бағалаудың төмен белгісі. Өйткені, өзіне сенімді адам басқа адамдардың, тіпті ең жақын адамдарының да пікіріне мұқтаж емес. Бұл сенің өмірің", - дейді Лабковский.

Психолог айналаңызда әрқашан сізге және сіздің таңдауыңызға көңілі толмайтын адамдар болатынын айтады.

"Егер бүкіл өміріңізде басқалардың көңілінен шығуға тырыссаңыз, онда көп ұзамай барлығына ұнайтын және ешкім құрметтемейтін адамға айналасыз. Сондықтан, жай ғана отбасылы болғыңыз келмесе (қазір немесе мүлде), проблема емес. Негізгі мәселе бұл шешім басқаларға қандай әсер етуі мүмкін деп алаңдауыңызда ғана", - дейді ол.

Айта кетейік, психотерапевт қараңғыдан не үшін қорқатынымызды айтқан болатын.

Т. Раушанұлы