Адам қайғылы жағдайға тап болып, басына қиындық туғанда оны қолдап, жұбататын адамдар әрдайым табылады. Бірақ, "бәрі жақсы" немесе "бұл жағдай сені тек күшті етеді" дегенді қанша рет естідіңіз? Бұл сөздер адамның эмоциясын, мәселесі мен жағдайын құнсыздандырады. Алайда жақындарыңыз мұндай сөздерді жаман ниетпен емес, қолдау көрсету үшін айтады. Сондықтан психолог Ольга Романив адамды жұбатқан кезде қандай сөз тіркестерін айтпаған дұрыс екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "aif.ru" сілтеме жасап.
"Әрбір істе бір қайыр бар"
Бұл сөздер қайғылы жағдайды басынан өткерген адамның жаңдайын нашарлатуы немесе кейде күлкілі көрінуі мүмкін. "Әрбір істе бір қайыр бар" деп ажырасқан, жұмыста сәтсіздікке ұшыраған адамға көмектесуі мүмкін. Бірақ бұл тіркесті жақынын не үй жануарын жоғалтқан, жол апатына ұшыраған адамға айтушы болмаңыз.
"Тек жақсыны ойла"
Бұл тіркес әсіресе депрессияға шалдыққан адамда жағымсыз сезім тудырады. Негізі алдымен адамның сезімін тыңдап, түсінуге тырысу қажет. Оның ішкі ойын, мәселесін түсінбей, жұбатуға тырысудың қажеті де, пайдасы да жоқ.
"Басың аман болса болды, бұл жағдай сені тек күшті етеді"
Шындығына келгенде бұл сөздер мүлде жұбатпайды. Өйткені адан аман қалғанымен, оның сол сәтте көргені мен сезінген сезімі ұзақ уақыт бойы есте қалады, мазалайды. Қауіпті оқиғада аман қалу адамды күштірек етпейді. Күш - бұл өзіңіз қалайтын өмірді сүру үшін қолыңыздан келгеннің бәрін жасау.
"Бәрі жақсы болады"
Кейді бәрінің жақсы болатынына ешқандай кепілдік болмаса да, бұған сенуге тырысамыз. Алайда кейбір адамдарға мұндай тіркес ұнамауы мүмкін. Ал ол адамның мәселесі қандай екенін толық білмей жатып, оны осы сөздермен жұбатуға тырысу тіптен қателік. Мысалы, ауыр ауруға шалдыққан адамға бұлай айтуға болмайды, өйткені сіз болашағыңызды болжай алмайсыз, білмейсіз. Бұл сөздер тек жалған үміт береді.
"Қолыңда барды бағала"
Адал еңбегімен тапқан затын немесе дүниесін жоғалтқан адам үшін мұндай сөздер оның мәселесін құнсыздандыратындай етіп көрсетеді. Ашығын айтақнад, бұл тіркес адам өзінің сезімін басып, тіпті сол үшін ұялуға мәжбүрлейді. Әрине, әрдайым шүкіршілік айтып үйренген дұрыс. Бірақ, жоғалтқан заты не дүниесі ол адам үшін өте маңызды боулы мүмкін екенін ұмытпаңыз.
Айта кетейік, бұған дейін психолог қайғылы жағдайды бастан өткерген адамды қалай қолдауға болатынын түсіндіргені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстанда алқабилер соты қалай жұмыс жасайды?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!