Қайғылы жағдайды бастан өткерген адамды қалай қолдауға болады? Психолог түсіндірді

Қайғылы жағдайды бастан өткерген адамды қалай қолдауға болады? Психолог түсіндірді
Фото: freepik.com

Медициналық психолог Ольга Щербакова жақын адамынан айырылған немесе күтпеген жағымсыз жайтты басынан өткерген адамға қалай көмектесуге болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Mail.ru" сілтеме жасап.

Мұндай сәтте адамды қолдау өте маңызды, тіпті қарапайым "мен жаныңдамын" деген сөздер қайғылы жағдайға тап болған адамға көмектесе алады, өйткені олар көбінесе өзін әлемде жалғыз қалғандай сезінеді.

Немесе жай ғана ешқандай сөз айтпай, адамның жанында болып, оны тыңдау да жеткілікті, тіпті үндемей, жанында отыру да құнды. Жанында өзге жанның болуы қиналып отырған адамға өзін жақсы көретіндердің бар екенін және түсінетінін сезінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, үйдегі тұрмыстық көмек те қолдау болады. Қарапайым қарым-қатынас пен адаммен бірге сенуендеу пайдалы. 

Мұндай адамға қалай көмектесуге болады:

  • Оның жанында екеніңізді және көмектесуге дайын екеніңізді айтыңыз;
  • Қандай да бір нақты көмек ұсыныңыз. Мысалы, күнделікті жұмыстарға көмектесіңіз;
  • Сіздің жаныңызда жылап, ішіндегісін шығаруға рұқсат етіңіз;
  • Үнемі жазып, қоңырау шалып тұрыңыз, қандай жағдайда екенін біліңіз.

Тағы да оқи отырыңыздар: Сарымсақтың қандай пайдасы бар?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә