- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Пригожиннің ұшағында болған...
Пригожиннің ұшағында болған стюардесса Қазақстанда жерленді
Евгений Пригожиннің ұшағында болған стюардесса Кристина Распопова Қазақстанда жерленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Агентство" басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы агенттікке марқұмның әпкесі Елена Абраменкова хабарлаған. Оның сөзінше, Қазақстанда стюардессаның анасы тұрады.
"Оған денесін жеткізіп, жерледі. Анасы кеденде үш сағат күткенін айтты", - дейді марқұмның әпкесі.
Айта кетейік, Евгений Пригожиннің бизнес-джеті апатқа ұшыраған кезде жалпы экипаждың үш мүшесі қаза тапқан.
Естеріңізге сала кетейік, 23 тамызда кешке Ресей ТЖМ Тверь облысындағы Куженкино елді мекені маңында Мәскеуден Санкт-Петербургке ұшқан Embraer Legacy ұшағы құлаған еді. Ведомство бортта 10 адам, оның ішінде 3 экипаж мүшесі болғанын, олардың барлығы қаза тапқанын нақтылады. Ресей ақпаратына сүйенсек, жолаушылар тізімінде "Вагнер" ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожиннің есімі бар. БАҚ оның телефоны ұшақ апатқа ұшыраған жерден табылғанын хабарлады.
Пригожин мінген ұшақтағы жолсеріктің Қазақстанға қандай қатысы болған?
Сондай-ақ, құлаған ұшақтың бортында Пригожиннің ең жақын серіктесі Дмитрий Уткин болған. Ресей президенті Путин "Вагнер" ЖӘК негізін қалаушының қаза болғанын растап, көңіл айтқан еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина