Пригожин мінген ұшақтағы жолсеріктің Қазақстанға қандай қатысы болған?

Пригожин мінген ұшақтағы жолсеріктің Қазақстанға қандай қатысы болған?
Фото: Видеодан алынған кадр

23 тамызда кешке Мәскеуден Санкт-Петербургке ұшқан Embraer Legacy ұшағы Тверь облысындағы Куженкино ауылының маңында құлады. Әуе көлігі федералдық агенттігі мәліметінше, жолаушылар тізімінде "Вагнер" жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин болған. Кейін бұл дерек расталды. Сондай-ақ, ұшақта болғандар тізімі жарияланды. Олардың қатарында жолсерік Кристина Распопова да болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына сүйенсек, Кристина Распопова - Ресейдің Челябинск облысы Еманжелинск қаласы прокурорының орынбасары Евгений Распоповтың әпкесі. Екеуі де Қазақстанда дүниеге келген. Бір кездері екеуі де Ресейге көшкен.

Ал Lenta.ru мәліметінше, 39 жастағы Кристина Распопова (кейбір деректерде Ядревская - еск.) Мәскеуден Санкт-Петербургке апатқа ұшыраған ұшаққа иелік ететін "МНТ Аэро" бизнес тасымалдаумен айналысатын компанияға жұмысқа тұрған кезінде көшкен. Бірнеше күн бұрын стюардесса "маңызды маршрутта" жұмыс істеу үшін Мәскеуге қайта ауыстырылыпты. Соңғы рейсінің алдында ол әлеуметтік желілерде Шереметьеводағы кафенің суретін жариялап, туыстарына қоңырау шалған.

Сондай-ақ, ашық дереккөздерде ұшар күні Кристина рейс кешігіп жатқанына шағымданғаны айтылады. Ол ұшуға дайын екенін көрсететін суретті де жариялаған екен.

Ашық дереккөз

Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Тверь облысында апатқа ұшыраған ұшақта Евгений Пригожин де болуы мүмкін екені хабарланды.

Кейінірек Пригожиннің ұшағы құлаған жерден сегіз адамның мәйіті табылды. 

Ресей президенті Владимир Путин "Вагнер" жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожиннің қаза тапқанын растап, көңіл айтты. Ал Зеленский апатқа ұшыраған Пригожиннің ұшағы туралы, бұған өздерінің қатысы жоғын айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова