Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Вагнер" ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожин қаза болған Тверь облысындағы ұшақ апатына Кремльдің қатысы туралы БАҚ ақпаратына пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дмитрий Песков ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатында Пригожиннің өліміне Кремль қатысты болуы мүмкін деген мәлімдемені "өтірік" деп атады.
Оның айтуынша, ұшақ апаты туралы деректер әлі жеткілікті емес.
"Қазір, осы мәлімет туралы хабарлағанда, тек деректерге негізделу керек. Әзірге нақты деректер аз, ол жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттері кезінде әлі анықталады. Президент кеше осы тақырып туралы сөз қозғалғанда, болашақта аяқталатын тергеудің нәтижелерін күтетінін айтты. Сонда барлығын егжей-тегжейлі білеміз", - деді Песков журналистерге.
Тергеудің ресми нәтижелері жарияланады, деп сендірді ол.
Сондай-ақ, Песков Ресей президенті Владимир Путин жақында Евгений Пригожинмен кездеспегенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 23 тамызда кешке Ресей ТЖМ Тверь облысындағы Куженкино елді мекені маңында Мәскеуден Санкт-Петербургке ұшқан Embraer Legacy ұшағы құлаған еді. Ведомство бортта 10 адам, оның ішінде 3 экипаж мүшесі болғанын, олардың барлығы қаза тапқанын нақтылады. Ресей ақпаратына сүйенсек, жолаушылар тізімінде "Вагнер" ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожиннің есімі бар. БАҚ оның телефоны ұшақ апатқа ұшыраған жерден табылғанын хабарлады.
Пригожин мінген ұшақтағы жолсеріктің Қазақстанға қандай қатысы болған?
Сондай-ақ, құлаған ұшақтың бортында Пригожиннің ең жақын серіктесі Дмитрий Уткин болған. Ресей президенті Путин "Вагнер" ЖӘК негізін қалаушының қаза болғанын растап, көңіл айтқан еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!